What are you looking for?

«Хабар» Агенттігінің қызметкерлері марапатталды

27.06.2025

Кәсіби мереке қарсаңында Мәдениет және ақпарат министрлігі де сала үздіктерін марапаттады.

Еңбегі еленіп, медаль таққан мамандардың қатарында Хабар Агенттігінің қызметкерлері де бар. 24КЗ арнасының шеф-редекторы Мәншүк Мақсұтқызы “Ақпарат саласының үздігі” атанса, Агенттіктің бас операторы Еділ Ермекбаев пен жетекші дизайнер Айнаш Жайлыбаева Ерен еңбегі үшін медалімен марапатталды.

Еділ Ермекбаев, «Хабар» Агенттігі өндірістік дирекциясының ТЖК бөлімінің басшысы:

- Бұл марапаттың орыны мен үшін жоғары. 17 жасымнан телевизия саласына келдім. Сол кезден аға буын әпкелеріміздің тәрбиесі, үйреткені, Енді қолымыздан келгенше өзімізден кейінгі жас буынға, жас жігіттер тәрбиелеп, Хабар Агенттігінің операторлық мектебінің қалауына өз үлесімді қостым деп ойлаймын. Бұл марапат менің бөлімімдегі 90 жігіттің еңбегі.

Мәншүк Мақсұтқызы, 24KZ телеарнасының шеф-редакторы:

- Кешелі бері БАҚ мамандары жан-жақты марапатталып жатыр, еленіп-ескеріліп жатыр. Біздің де аз да болса үлесіміз ескеріліп, осындай үлкен марапатқа ие болып жатырмыз. Өздеріңіз білесіздер, 24КЗ телеарнасы еліміздегі тәулік бойы хабар тарататын жалғыз арна. Халық пен биліктің арасындағы көпір десек болады.

Social Link

Follow Me On Social Media