What are you looking for?

Түркияда орман өртеніп жатыр

29.06.2025

Түркияда орман өрті өршіп тұр.

Елде соңғы екі күн ішінде 150-ге жуық өрт ошағы тіркелген. Салдарынан 16 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды. Сакарья мен Биледжик аймақтарында қызыл жалын 35 шаршы шақырымнан астам аумақты шарпыған.

Биледжик облысының Османели ауданында бір адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.Оттың өршуіне аптап ыстық пен екпінді жел себеп. Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрінің айтуынша, өртке қарсы күреске мыңнан астам маман мен ондаған техника тартылған. 15 қазанға дейін жоғары дайындық режимі енгізілді. Сонымен қатар тұрғындардың орман алқаптарына кіруіне уақытша тыйым салынды. Мамандар алдағы аптада ауа температурасы жоғарылап, желдің екпіні күшейетінін ескертті.

Ибрахим Юмаклы, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі:

- Бүгінде ел бойынша белсенді 8 өрт ошағы бар. Оның төртеуі ішінара бақылауға алынды. 1 ұшақ, 16 тікұшақ, 1000-нан аса маман жұмылдырылды. Өртпен тынымсыз күресіп келеміз. Тілсіз жау шаршамайды да тоқтамайды. Сондықтан әр азамат сақ болуы тиіс. Немқұрайлық үлкен апатқа себеп болуы мүмкін.

Social Link

Follow Me On Social Media