Абай облысында жол апатынан мерзімді әскери қызметші мен оның ата-анасы мерт болды , — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Құрлық әскері мәліметінше, 28 маусымда Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді әскери қызметшісі мен оны демалыстан алып келе жатқан ата-анасы жол апатынан қаза тапқан.
"Қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл дерек бойынша уәкілетті органдар тергеу жүргізіп жатыр. Құрлық әскері қолбасшылығы тарапынан тиісті көмек көрсетіледі. Қаза тапқандардың денелерін тұрғылықты жеріне жеткізу үшін әскери борт бөлінді", — деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!