What are you looking for?

Мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды

30.06.2025

Қарағанды облысының Қазыбек би аудандық прокуратурасының талап-арызы бойынша мектепке қарасты ғимарат мемлекеттік меншікке қайтарылды, деп жазады Egemen.kz.

Қарағанды қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты жылжымайтын мүлік пен жер учаскесін сату-сатып алу келісімдерін жарамсыз деп таныды. Сотқа шағымдануға №16 орта мектепке қарасты екі қабатты қосымша ғимараттың және 1 гектардан астам аумақты құрайтын жер учаскесінің жекешелендірудегі заң бұзушылықтар себеп болған.

Прокуратураның айтуынша, білім беру мекемесі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұрғандықтан, мектептің балансына тіркелген мүліктер жекешелендіруге жатпайды. Сату-сатып алу келісімі қолданыстағы заң талаптарына қайшы жасалған.

Сот прокуратураның талап-арызын қанағаттандырып, сатып алу-сату келісімдерін жарамсыз деп танып, Қарағанды қаласы әкімдігінің тиісті қаулысының күшін жойды. Мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке қайтарылды.

Бұған дейін прокуратураның бастамасымен Ленин атындағы кинотеатр да заңсыз түрде сатылғаны анықталып, ол ғимарат та мемлекет меншігіне қайтарылған болатын.

Social Link

Follow Me On Social Media