Бүгін Парламент үшінші сессияны аяқтап, каникулға кетті. Осы саяси маусымда VIII шақырылым депутаттары 89 заң қабылдады. «Негізінен әлеуметтік мәселеге көңіл бөлініп, азаматтардың мүддесі ескерілді», – деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.
Сондай-ақ тараптардың қызу талқысында болған Салық кодексі де саладағы күрмеулі мәселені шешуге септігін тигізген. Жаңа ұстанымға сай көп табыс табатындар көбірек төлейді. Ал былтыр шикі саналып, қабылданбай қалған Су кодексі биыл мақұлданып, қолданысқа енді. Басты талап – суды бірнеше қайтара өңдеп тұтыну. Бірақ Құрылыс кодексі осы сессияға да енбей қалды. Себебі әлі де ширататын тұстары басым.