Елде өндірілетін электр энергиясының 7 пайызға жуығы жаңартылатын энергия көздеріне тиесілі.
Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының мәліметі осындай. Қазір мұндай 150 шақты станса жұмыс істеп тұр. Оның үшеуі биоэлектростанса болса, қалғаны күн, жел, және судан қуат алады. Жаңартылатын энергия көздерінің үлесін 2030 жылға қарай 15 пайызға жеткізу жоспарланған. Ал 2050 жылға қарай өзге баламалы энергия көздерін ескере отырып, 50 пайызға дейін ұлғайту көзделіп отыр.