What are you looking for?

Алматы маңында 10 жастағы баланы иттер талап тастаған

01.07.2025

Алматы маңындағы ауылда 10 жастағы баланы иттер талап тастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі .

Оқиға 30 маусымда Жалпақсай ауылында болған. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұл жағдай балалар футбол ойнап жүрген алаңда болған.

"Иттер футбол алаңына кіріп кеткен. Басқа балалар қашып үлгерген, ал Максим есімді бала үлгере алмай, оған үш ит шабулдаған. Иттерді ұзақ уақыт бойы ажырата алмаған, олар баланың құлағын жұлып, сан етін жұлмалап тастаған, басын да тістеген. Иттердің иелері кінәсін мойындамай отыр", – дейді ауыл тұрғындары.

Сондай-ақ, балаға екі овчарка мен бір питбуль тұқымды ит шабуыл жасағаны айтылған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris.p.karasai (@kris.p.karasai)

Ересектер баланы құтқаруға тырысқан. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, иттердің біреуін өлтіруге тура келген. Қазір бұл оқиғаны полиция тергеп жатыр.

"Кәмелетке толмаған балаға абайсызда ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, соталды тергеу басталды. Қазір оқиға куәгерлерінен жауап алынып, болған жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады.

"Сонымен қатар, оңалту орталығының лауазымды тұлғаларының әрекетіне де құқықтық баға беріледі. Барлық кінәлі адам қолданыстағы заңнама аясында жауапқа тартылады", – деді полиция.

Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, 2014 жылы туған бала 30 маусымда сағат 17:02-де Қарасай аудандық ауруханасының қабылдау бөліміне жеткізілген.

"Жансақтау бөліміне жатқызылып, бірнеше сағаттан соң травматология бөліміне ауыстырылды. 1 шілдедегі жағдай бойынша баланың жалпы жағдайы алған жарақатына байланысты орташа ауыр. Емделіп жатыр, емдеу хаттамаға сәйкес жүргізіліп жатыр", – деп жазылған басқарма хабарламасында.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media