What are you looking for?

БҚО-да мемлекеттік қызметтің 98%-ы электронды түрде көрсетіледі

01.07.2025

Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтің 98%-дан астамы электронды түрде көрсетіледі. Бұдан бес жыл бұрын бұл көрсеткіш 80 пайыз еді. Цифрлық технологиялар тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, көлік салаларында дендеп енгізіліп жатыр. Мәселен, iKomek-109 (Айкөмек-ред) бірыңғай call-орталығы тәулік бойы тұрғындардан коммуналдық қызмет мәселелері бойынша өтініш қабылдайды. Жыл сайын байланыс орталығына 90 мыңға дейін қоңырау түседі. Цифрландыру өтініштерді жедел өңдеуге, жауап беру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ Азаматтар eGov.kz, eLicense порталдарын, eGov Mobile мобильді қосымшасын белсенді пайдаланады. Кәсіпкерлерге арналған арнайы egov.business қосымшасы жұмыс істейді. Халықтың цифрлық сауатын арттыру, мемлекеттік қызметті электронды түрде алуды насихаттау бағытындағы іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Нұрғиса Камашев, облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы:

Өткен жылы жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерімен 4 млн 18 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 3 млн 937 мың қызметі электрондық форматта ұсынылды. Бұл мемлекеттік органдардың да, аймақ тұрғындарының да цифрлық жетілуінің жоғары деңгейін айқын көрсетеді.

Ардақ Мұратқызы

Social Link

Follow Me On Social Media