Шымкентте тонау, қарақшылық, бопсалау және қарыз мәселелерін "шешумен айналысқан" топ ұсталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында ұйымдастырушы өзінің сенімді адамдарынан қылмыстық топ құрып, қарақшылық шабуыл немесе ұрлық жасау мақсатында үлкен сомада ақша болуы мүмкін жерлерді үнемі қарап жүргені анықталды.
Сонымен қатар, ол түнгі клубтардың бірін бақылауына алып, "қорғағаны" үшін заңсыз түрде ай сайын 2,5 млн теңгеге дейін алып отырған.
"Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен оның жақын сыбайласы ұсталып, қамауға алынды. Тінту кезінде олардан қару мен патрондар тәркіленді", — деп жазылған хабарламада.
ІІМ мәліметінше, қылмысқа қатысы бар тағы бес адам анықталған, олардың әрекетіне де құқықтық баға беріледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!