Атырау облысында соңғы 10 жылда өкпе ауруына шалдыққандар саны 40% азайған, деп хабарлайды 24kz.
Парламент Мәжілісінің депутаты Серік Ерубаев, фтизиопульмонология орталығына барып, дәрігерлер ұжымымен кездесті. Мұнда науқастар үшін барлық жағдай жасалған. Ем-дом шараларына қажетті аппараттың бәрі бар. Тамыз айында орталық жанынан қосымша арнайы бөлімшелер ашылмақ. Депутат өңірге сапар аясында балық зауыты, «Ақжайық» резерваты және жол инфрақұрылымының сапасын көрмек.
Серік Ерубаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Біздің өңірлерге шыққандағы елмен араласып, елдегі ахуалды, болып жатқан жетістіктерді, жетпей жатқан жұмыстарды көру деп ойлаймын. Облыстық денсаулық сақтау жөнінен кешегі өрт салдарынан қандай аурулар бар екенін білгіміз келді. Іссапар барысында өзімізде көптен көтеріліп жүрген Атырау – Астрахань жолын көреміз. Ары қарай Ерғалиев ауылына барамыз.