What are you looking for?

ХАМАС оқ атпау туралы жаңа келісімнің шарттарымен танысты

03.07.2025

ХАМАС оқ атпау бойынша жаңа келісімге қатысты мәлімдеме жасады. Қозғалыстың әлеуметтік желідегі парақшасында арағайын елдер ұсынған құжатпен жіті танысып жатқаны жазылған. Ұсыныстың нақты мазмұны айтылмаған. Бірақ ХАМАС: «Израиль Газада атысты тоқтатып, гуманитарлық көмектің кіруіне рұқсат беріп, анклавтан әскерін толық шығаруы керек», – дейді.

Палестиналық Маан агенттігі бітімнің жобасын жариялады. Келтірілген мәліметтерге қарағанда ХАМАС 10 Израиль тұтқынын босатуы және қаза тапқан 18 адамның сүйегін беруі тиіс. Бұған қарымта ретінде 60 күнге оқ ату тоқтайды. Еврей әскері Газаның оңтүстігіне қарай шегінеді. Осыған дейін АҚШ президенті Трамп Израиль ХАМАС-пен 60 күндік бітімге келуге даяр екенін мәлімдеген еді.

Social Link

Follow Me On Social Media