What are you looking for?

Крит аралында орман өрті күшейіп, 1500 адам эвакуацияланды

03.07.2025

Грекияның Крит аралында орман өрті бақылаудан шығып барады. Лапылдаған от үйлерді шарпып, 1500-дей адамды эвакуациялауға тура келді. Қонақүйлер мен жалдамалы бөлмелердің тұрғындары да көшіріліп жатыр. 200 адам стадиондарға орналастырылған. Сонымен қатар, Криттегі барлық госпитальге ескерту жасалды. Соңғы мәліметке қарағанда, түтіннен төрт қарт адамның тыныс алуы қиындап, ауруханаға жеткізілді. Алты шақырымға созылған өртті сөндіруге арнайы мамандармен бірге полицейлер мен еріктілер тартылып жатыр. Айта кетсек, орман өртіне байланысты Түркияда осы аптада 50 мыңдай адам эвакуацияланды. Ал Еуропа елдерінде аптап ыстықтан 6 адам қаза тапқан.

Арыстан Рысбек

Social Link

Follow Me On Social Media