Батыс Қазақстан облысында алты ет комбинаты киік етін өңдеуге дайын, деп хабарлайды 24KZ. Ең ірісі – Оралдағы зауыт. Қалғаны Жаңақала, Жәнібек, Казталов және Бәйтерек аудандарында орналасқан.
Алдағы күндері өңірде дала киіктерінің санын реттеу жұмыстары басталады. Жоспар бойынша жалпы популяцияның 20%, яғни 460 мың бас киік ауланады. Бұл жұмыстарды «Охотзоопром» мекемесінің төрт бригадасы жүргізеді.
Қалияр Айтмұхамбетов, БҚО әкімінің орынбасары:
- Ауыл шаруашылығы министрлігімен бүкіл регламенттер, стандарттар, қазір белгіленді. Мысалы, қазір деген ет өндеу консервілеріне немесе ет өңдеу кәсіпорындарынан тушка ретінде дүкендерге шығарып сату сияқты бүкіл регламент бар. Енді тек соны қадағалап, дұрыс сапалы жұмыс жасауымыз керек.