What are you looking for?

Батыс Қазақстан облысында киік ату басталды

04.07.2025

Батыс Қазақстан облысы аумағында киік санын реттеу жұмыстары ресми түрде басталды, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл жұмыстар 30 қарашаға дейін жалғасады. Әкімдік мәліметінше, киік популяциясын реттеу табиғи тепе-теңдікті сақтау, жайылымға зиян келтірмеу және ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Бұл жұмыстарға 40-қа жуық маман тартылып, 4 арнайы бригада жасақталған. Әр бригада 3 техникамен қамтамасыз етілген, жалпы саны 12 техника жұмылдырылған.

2025 жылы жүргізілген авиациялық есеп нәтижесінде Батыс Қазақстан облысы аумағында киіктердің жалпы саны 2,3 миллион басқа жеткені анықталған. Ғалымдар әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес популяцияға залал келтірмей, оның тек 20 пайызын, яғни 460 мыңға дейін ғана реттеуге болады.

"Ауланған киік еті арнайы белгіленген ет өңдеу кәсіпорындарына жеткізіледі. Бұл өнімдерді "Кублей" ЖШС, "Жеңіс" ЖК, "Батыс-Нық" ЖШС және "Хаиров" ЖК қабылдайды", — деді БҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Нұрлан Рахымжанов.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда киік еті қайта өңделетіні хабарланды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media