Римде жанармай бекетінде болған жарылыстан жарақат алғандар саны 40-қа жетті, деп хабарлайды 24kz.
Кейінгі ақпар бойынша олардың екеуінің хәлі мүшкіл. Зардап шеккендердің арасында полиция қызметкерлері мен бір өрт сөндіруші бар. Төтенше жағдай Италия астанасының шет жағында болған. Жанармай бекетінің маңындағы тұрғын үйлер мен мектеп және спорт орталығы бүлінді. Ондаған көліктің күлі көкке ұшты. Апатқа резервуарға құйылып жатқан сұйық газдың жарылуы себеп деген болжам бар. Тергеу басталып кетті.