What are you looking for?

1,5 млн қазақстандық киберспортпен айналысады

14.07.2025

Елімізде 1,5 млн-нан астам адам белсенді түрде киберспортпен айналысады. Сол себепті де 2026 жылы Қазақстанда «Болашақ ойындары» халықаралық турнирін өткізу жөніндегі мәселелер талқылауға негіз бар. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Phygital International компаниясының негізін қалаушы , доктор Рене Фазелмен кездесуде айтылды.

Онда фиджитал-спортты физикалық белсенділік пен цифрлық технологияларды біріктіретін перспективалық бағыт ретінде дамытуға назар аударылды. Жоғары технологиялық халықаралық іс-шараны Астанада ұйымдастыру жастар арасында жаңа спорттық форматтардың танымалдылығын арттыруға ықпал етпек. Кездесуге қатысушылар фиджитал-спортты дамыту бойынша ынтымақты нығайтуға ниетті екендерін жеткізді.

Азамат Бейбітұлы

Social Link

Follow Me On Social Media