Аймақтағы Тарбағатай, Зайсан, Күршім және Самар аудандарында табиғи ортаға байланысты жұмыс уақыты 8: 00-де басталады, деп жазады Egemen.kz.
Мамандар жұмыс кестесінің 8: 00 — 17: 30 аралығында болуы еңбек өнімділігін арттырып, экономикалық белсенділік тұрғысынан да тиімді болатынына назар аударған.
Ал түскі үзіліс сағат 12:00 -13:30 болып бекітілген.
«Бұл жаңашылдық өңірдің табиғи ерекшеліктерімен — ерте таң атып, күннің ерте батуымен байланысты. Жаңа кесте халыққа күндізгі жарықты тиімді пайдалану мүмкіндігін береді. Өзгерістер мектептерге, балабақшаларға және медициналық мекемелерге әсер етпейді. Себебі олар бұған дейін де осы кесте бойынша жұмыс істеп келген», делінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, 20 ақпан күні ШҚО-дағы Катонқарағай ауданында жұмыс уақыты 1 сағатқа шегерілгенін хабарлаған болатынбыз.