depositphotos.com
Бұдан былай зейнетақы бір-ақ күнде тағайындалады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны тағайындау қызметінің жаңа тәсілін енгізді. Цифрлық жүйе азаматтың жасы бойынша скоринг жүргізу арқылы еңбек өтілін тексеріп, тиісті төлемді тағайындайды.
Осылайша, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 10 күннен бір күнге дейін қысқармақ. Сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдану арқылы еңбек шартын қашықтан жасау мүмкін болды. Бұл қызмет еңбекке қабілетті 9,5 млн-нан астам адамды қамтып, қызмет көрсету мерзімін 3 күннен 5 минутқа дейін қысқартты. Жалпы бұған дейін 9,5 млн-нан астам қазақстандыққа еңбек саласында цифрлық қызмет көрсетілді.