What are you looking for?

Нигерияда тасқыннан 25 адам опат болды

31.07.2025

Нигерияның Адамава штатында ақжауынның соңы тасқынға ұласты, деп хабарлайды 24kz.

Жаңбыр бірнеше күннен бері төпеп тұр. Тоқтайтын да түрі көрінбейді. Өңірде алапат су 25 адамның өмірін қиды. 50-ден астамы жарақат алған. Тағы 11-і ұшты-күйлі жоғалып кетті. Табиғат апатынан 6 мыңға жуық тұрғын үйінен безіп шыққан. Билік шұғыл уақытша паналау орындарын құрып, зардап шеккендерді эвакуациялады. Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдары Нигерияда климаттың өзгеруінен құрғақшылық ұзаққа созылып, есесіне жаңбырлы маусымда жауын-шашын тым жиілеп кеткен. Мамыр айында осы елдегі Нигер штатында тасқыннан 200-ден астам адам опат болған еді.

Social Link

Follow Me On Social Media