Президент еліміздің көлік саласын дамытуға, қатынас жолдарының инфрақұрылымын қалыптастыруға және жаңғыртуға қосқан елеулі үлесі үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады, деп жазады Egemen.kz.
Олардың қатарында «Қазақстанның көлік саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы еңбек ардагерлері – Борис Исинамановқа, Владимир Аверкинге, Қанат Шаймингежәне Андрей Горватқа берілді.
Салтанатты жиын соңында Мемлекет басшысы көлік саласы қызметкерлерімен бірге суретке түсті.