Қазақстан биыл алғаш рет Еуропа елдеріне астық экспорттай бастады. Осылайша отандық өнім жаңа нарыққа шықты .
Енді Бельгия, Польша, Португалия, Норвегия және Ұлыбритания бізден өнім алады. Салада тағы бір жетістік бар. Соңғы жылдары тоқтап қалған Әзербайжан, Грузия және Түркия бағытындағы тасымалдар қайта жанданды. Ал жалпы былтырғы қыркүйектен бастап еліміз 12 миллион тоннадан астам астық пен ұнды алыс-жақын елдерге экспорттаған. Бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсім 34 пайызға жуықтайды. Дәлірек айтсақ, елімізден Өзбекстанға тасымалданатын тауар 28 пайызға өсті. Тәжікстанға 39, Қырғызстанға 2,5 есе, Иранға 17, ал Әзербайжанға экспорт көлемі 120 пайызға артты.
Астық пен ұн экспорты – 34%
Өзбекстан – 28%
Тәжікстан – 39%
Қырғызстан – 2,5%
Иранға – 17%
Әзербайжанға – 120%