What are you looking for?

Қазақстанда пәтер құны тағы да шарықтады: жаңа үйлер +9,6%, екінші нарық +7,3% бір жылда

11.08.2025

Қазақстанда баспана бағасы бір жыл ішінде айтарлықтай қымбаттады. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2025 жылдың шілдесінде жаңа құрылыстағы пәтердің орташа бағасы 1 шаршы метр үшін 528,5 мың теңге болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ең қымбат қалалар:

Алматы — 647,7 мың тг/ш.м

Астана — 595,5 мың тг/ш.м

Атырау — 512,2 мың тг/ш.м

Екінші нарықтағы тұрғын үй бағасы да өсті — орта есеппен 551,9 мың теңге/ш.м. Мұнда да көшбасшылар өзгермеді:

Алматы — 688,6 мың тг/ш.м

Астана — 652 мың тг/ш.м

Атырау — 485,5 мың тг/ш.м

Шілде айында пәтер бағасы ең көп қымбаттаған өңірлер:

Талдықорған — +5,7%

Түркістан — +5,6%

Петропавл — +3,2%

Сарапшылардың айтуынша, нарықтағы баға өсуі құрылыс шығындарының артуымен және сұраныстың тұрақты жоғары болуымен байланысты.

Social Link

Follow Me On Social Media