What are you looking for?

Тоқаев Астанада Иордания Королін қарсы алды (фото, видео)

26.08.2025

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королін Астана әуежайынан қарсы алды.

Ертең мемлекеттер басшылары келіссөз жүргізіп, Қазақстан-Иордания бизнес форумына қатысады", — делінген Ақорда хабарламасында.

БОРТ N1 Telegram-арнасындағы ақпаратқа сенсек, Иордания Королі мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің ұшақтары алып жүрді.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтан шақырту алған Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келетіні туралы жазған едік.

Ақорда мәліметіне сәйкес, Астанаға сапар барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Иордания ынтымақтастығын одан әрі нығайту мақсатында жоғары деңгейдегі келіссөздер өтеді.

Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді. Фото: Ақорда
Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Астанаға сапармен келді

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Social Link

Follow Me On Social Media