What are you looking for?

Түркістанда фельдшерді ұрып-соққан ер адам қамауға алынды

29.08.2025

Түркістанда фельдшерді соққыға жыққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Бұған дейін Түркістанда ер адам жүкті әйелін тексеріп жатқан фельдшерді соққыға жыққанын жазған болатынбыз. Медицина қызметкерінің ауруханада екі аптадай емделуі тиіс екені белгілі болды.

Фельдшердің күдіктімен татуласқанына қарамастан, полиция бұл деректі мұқият тексеруге шешім қабылдады.

"Түркістан қаласында шақырту кезінде медициналық қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс менің жеке бақылауыма алынды", – деді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығы Мұрат Кәбденов.

Social Link

Follow Me On Social Media