0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !
Шымкентте бір мектептің 386 оқушысы бүгін сабаққа бармады. №3 мектеп-интернатының басшылығы оқушылар мен ата-аналарға бүгіннен бастап сабақ тоқтайтыны туралы хабарлама таратқан. Оның себебін ыстық тамақтың болмауынан деп түсіндірген. Яғни интернатта жатып білім алатын 335 балаға да тамақ табылмай қалған. Мектеп әкімшілігі өзекті мәселенің өткен жылдан бері шешілмей келе жатқанын айтады. Яғни Түркістан облысынан Шымкент қаласына өткен білім мекемесіне осы оқу жылында 4 айға ыстық тамақ үшін қаражат бөлінбеген. Мердігер осы уақытқа дейін ақшаны өз қалтасынан төлеп келген.
Сейітжан Оспанов, №3 мектеп-интернаты директорының уақытша міндетін атқарушы:
Ақпан біткеннен кейін наурыз айында жұмысын тоқтатты. Бүгін оқушылар келген жоқ. Сонымен басқармадан онлайнға рұсат сұрадық. Оған ешқандай жауап келген жоқ. Шешілмесе, қанша уақытқа ұсозылатынын білмеймін.
Яғни, қалалық білім басқармасы тарапынан ыстық тамаққа қаражат бөлініп, асханаға аспазшылар мен көмекшілер алу туралы тапсырма берілген. Алайда оған конкурс жарияланғанымен, айлығы аз деп мамандар келмеген. Бұл мәселеден хабардар болған басқарма өкілдері бүгін басқа мектептерден ыдыс-аяқ тасып, проблеманы шешуге кірісіп кетті. Десе де сабақтың қашан бастайтыны әзірге белгісіз күйінде қалып отыр.
Ғани Қалмахан