What are you looking for?

«Анамның арманы орындалды»: Баян Алагөзова «ҚР Еңбек сіңірген қайраткері» атанды

24.10.2025

Танымал Продюсер Баян Мақсатқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында сүйінші жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Республика күніне орай ҚР Ақпарат және мәдениет министрі "ҚР Еңбек сіңірген қайраткері" атағын табыстады.

"Достар! Баршамызды келе жатқан РЕСПУБЛИКА КҮНІМЕН шын жүректен құттықтаймын!

Бүгін — менің анамның арманы орындалған күн. Мен ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ атандым!

Бұл жоғары марапатты маған Мәдениет және ақпарат министрі Айда Ғалымқызы Балаева өз қолынан табыстады — бұл мен үшін зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік!

ОТАНҒА ҚЫЗМЕТ ЕТЕМІН!", — деп жазды ол.

Оқырмандары жаппай құттықтап жазуда.

Social Link

Follow Me On Social Media