What are you looking for?

Римде Қазақстан мен Италияның қорғаныс министрлері кездесті

12.03.2025

Еліміздің Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Римде итальяндық әріптесімен кездесті, деп хабарлайды 24KZ. Онда тараптар екіжақты әскери ынтымақтастық пен білім беру, жауынгерлік дайындық және бітімгерлік қызметті талқылады.

Сондай-ақ ведомство басшысы сапар аясында Италияның теңіз бен тауда орналасқан базаларына және әуе күштерінің әуежайына барып, әскери инфрақұрылымдарымен танысты. Одан бөлек, Қазақстанның Ұлттық қорғаныс университеті мен Италияның Қарулы Күштері өзара әріптестікті арттыру үшін академиялық ынтымақтастық пен ғылыми зерттеулер туралы меморондумға қол қойды.

Social Link

Follow Me On Social Media