What are you looking for?

Қазақстандықтар Наурыз мейрамына орай қанша күн демалады

12.03.2025

Бір аптадан кейін елімізде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы тойланады. Мейрамға орай, ел тұрғындарын қосымша демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жылда елімізде Наурыз мейрамы 21-23 наурыз аралығында тойланады. Биыл 22, 23 наурыз сенбі және жексенбіге түсіп тұрғандықтан, демалыс күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылды.

Осылайша, бес күндік жұмыс істейтін қазақстандықтар 21, 22, 23, 24, 25 наурыз күндері, ал алты күн жұмыс істейтін тұрғындар 21, 22, 23, 24 наурыз күндері демалады. Сейсенбі, 25 наурыз олар үшін жұмыс күні болып саналады.

Social Link

Follow Me On Social Media