«Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында орнатылған фототұзақтарға сирек кездесетін жабайы жануарлар – Түркістан сілеусіні, Үнді жайрасы, қасқыр және Сібір елігі түсіп қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлттық парк қызметкерлерінің айтуынша, фототұзақтар – жануарларды бейнежазбаға түсіріп қана қоймай, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де септігін тигізеді. Қыс мезгілінде биотехникалық іс-шаралар күшейтіліп, жабайы аңдарға жем-шөп қоры дайындалды.
Айта кетсек, «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында барлық аңшылық түріне қатаң тыйым салынған. Жануарлар популяциясын сақтау мақсатында тұрақты түрде табиғатты қорғау шаралары жүргізіліп келеді.