What are you looking for?

Доллар бағамы көтерілді

12.03.2025

Еліміздің қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысына сәйкес 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар бағамы 0,71 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы — 489,15 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 492 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 490 теңге. Еуро 531 — 535 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 495 теңге, сатып алу құны — 489 теңге. Еуро 537 теңгеден сатылып, 530 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,57 — 5,72 аралығында саудаланып жатыр.

Social Link

Follow Me On Social Media