What are you looking for?

Еліміздің басты аренасында балалар футболын дамытуға ден қойылды

13.03.2025

Астана төріндегі «Астана Арена» кешенінде енді бұдан былай жергілікті жасөспірімдер мен балалар жаттыға алады. Міне, осындай керемет жаңалықты алдық және оған көз жеткізу үшін арнайы осы жерге табан тіреп тұрмыз. Бәрімізге белгілі жуырда ғана дәл осы стадион күрделі жөндеуден өтті және содан кейін жергілікті спорт мектебі балаларды футболға баулитын, соның өрендерін яки шәкірттерін жаттығуға және әртүрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін бұндай жағдай болмаған және дәл осы стадион еліміздің басты стадионы, балалар футболын дамытуға, балалар футболын өркендетуге қызмет етіп жатқандығы қуантады. Sport Time бағдарламасы анық-қанығымен танысуға келді.

Social Link

Follow Me On Social Media