What are you looking for?

Синоптиктер 27 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

27.12.2025

Синоптиктер 27 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Елдің солтүстігі мен солтүстік-шығысында аяз күшейеді: ауа райы құбылмалы, кей жерлерде жел күшейіп, қар жауып, боран соғады. Батыс пен оңтүстік-батыста да күн құбылып, қар жаууы мүмкін, көктайғақ болып, жел күшейеді. Оңтүстікте көшпелі бұлт: қар жауады, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады.

Астана — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -25…-27°, күндіз -17…-19°.

Алматы — көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолда көктайғақ. Түнде -1…-3°, күндіз +2…+4°.

Шымкент — көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар, көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -2…-4°, күндіз +4…+6°.

Түркістан — көшпелі бұлтты, түнде қар, күннің аяғына қарай жауын-шашын (жаңбыр, қар). Көктайғақ. Кей уақытта тұман. Түнде -3…-5°, күндіз -2…-4°.

Қонаев — көшпелі бұлтты, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, жолда көктайғақ. Түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°.

Талдықорған — көшпелі бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, жолда көктайғақ. Түнде -3…-5°, күндіз 0…-2°.

Қызылорда — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Түнде -10…-12°, күндіз -1…-3°.

Тараз — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -2…-4°, күндіз +1…+3°.

Ақтау — бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Күндіз жел күшейеді. Түнде -2…-4°, күндіз +3…+5°.

Атырау — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -4…-6°, күндіз -1…-3°.

Орал — бұлтты, күндіз қар, жаяу боран, жел күшейеді. Түнде -8…-10°, күндіз -3…-5°.

Ақтөбе — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -17…-19°, күндіз -11…-13°.

Қарағанды — жауын-шашынсыз. Түнде -23…-25°, күндіз -15…-17°.

Жезқазған — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Түнде -22…-24°, күндіз -13…-15°.

Қостанай — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнде -21…-23°, күндіз -15…-17°.

Көкшетау — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең жел күшейеді. Түнде -20…-22°, күндіз -15…-17°.

Петропавл — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел күшейеді. Түнде -21…-23°, күндіз -15…-17°.

Павлодар — көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде -23…-25°, күндіз -14…-16°.

Семей — көшпелі бұлтты, түнде қар, боран, көктайғақ. Түнде -23…-25°, күндіз -15…-17°.

Өскемен — көшпелі бұлтты, түнде және таңертең қар, боран, көктайғақ. Түнде -20…-22°, күндіз -13…-15°.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Logotype Massaget

Social Link

Follow Me On Social Media