Каспий итбалықтарының жатақтары бар аралдарға әуеден шолу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Жайық-Каспий аралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Каспий итбалықтарының жатақтары орналасқан аралдарға Маңғыстау облысы әкімдігімен, «Qazaq balyk» республикалық балық шаруашылығы және аквакультура қауымдастығының өкілдерімен, қоғам белсенділерімен бірлесіп, әуеден шолу жасады.
Шолу – Ақтау әуежайынан бастап Бұрыншық мүйісіне дейінгі аумақты қамтыған оның ішінде Солтүстік Каспий, Итбалық аралы, Баутино кенті, Саура жері зерттелген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше экспедиция барысында мұзда немесе суда, табиғи мекендеу ортасында 130-150-ге жуық итбалықтың бар екені анықталып отыр.
Жағалау сызығынан алыста, далада немесе елді мекендерге таяу жерлерде итбалықтар байқалмаған.
Каспий итбалықтарына арналған резерват құру – бұл жойылып кету қаупі төніп тұрған су маржандарын сақтау үшін маңызды қадам.