What are you looking for?

Танымал заңгер Ұлттық құрылтайға қандай ұсыныспен келгенін айтты (ВИДЕО)

13.03.2025

Заңгер, Ұлттық құрылтай мүшесі Айман Омарова Ұлттық құрылтай аясында өтіп жатқан секцияға қатысып жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қазір қылмыскерлер көбейіп кетті, ажырасу көбейіп кетті. Ол неден басталады? Кішкентай кезінен бастап құндылықтары әртүрлі болады. Мысалы, үйленеді, біреуі түріне қарайды, қаржысына қарайды, үйі бар ма, жұмысы бар ма — соған мән береді. Ал бірақ құндылықтары басқа болуы мүмкін. Сөйтіп үйленгеннен кейін үй болу қиын болып кетеді. Жанұя, отбасы болу — ол құндылығы бір деген сөз. Көзқарасы бірдей болуы қажет. Ата-анасын сыйлауы керек. Оқуға, жұмысқа, табысқа деген көзқарастың бәрі маңызды. Осыған келгенде проблема басталады. Соңынан ажырасу болады. Құндықтар бірдей болмай, отбасы құрудың, үйленудің қажеті жоқ, — деп санайды адвокат.

Оның сөзінше, педофилия, зорлық-зомбылық — бәрі үйдегі құндылықпен иікелей байланысты.

Ұлттық дәстүрімізді бағалауымыз қажет.

Бұрын ата заманда өз қызын, қарындасын зорлау сияқты қылмыстар болмаған. Қазір көріп отырғандарыңыздай, мұндай жағдайлар бар. Сол үшін қоғамда құндылық өте маңызды, — дейді Омарова.

Адвокат құрылтайға қандай ұсыныспен келгенін айтты.

Бірнеше мәселемен келдім. Мысалы, сотталған әйелдердің проблема. Олар түрмеде балаларымен отырмауы керек. Амнистия мәселесі. Сонымен бірге заң білімінің сапасы. Заңгерлерді оқытуда білім сапасы төмендеп кеткен. Құқыққорғау органдарына келеді, тергеу әрекеттерін дұрыс жасай алмайды. Осылайша, тергеу әрекеттерін жасай алмағандықтан азаптайды, қинайды, фальсификация жасайды. Білімді адам тек қана жұмыс істеуге келуі керек. Жұмыс істеуді ол жерден үйренбеуі керек. Сондай-ақ сексопатология мәселесі бар. Ер адамдар 40 жастан асқан соң тек қана өзінің потенциясын ойлайды. Ол дұрыс емес. Потологияны ойлауы керек. 40 жастан кейін невроздар, құбылыстар, дағдарыстар бәрі адамға әсер етеді. Нервоздан кейін потология пайда бола бастайды. Міне осыдан кейін қаншама адам зорланып жатыр. Әсіресе, кішкентай балалар. Яғни потологиясы бар, қатыгездік көрген адамдар бала зорлайды. Көбі сондай, — деп айтты ол.

Social Link

Follow Me On Social Media