What are you looking for?

Еліміздегі 5 ерекше ескерткіш

13.03.2025

Ескерткіш — елдіктің көрсеткіші, ұлттық болмыстың түп қазығы. Жүректе қадірлеп, жаттан қорғап жүрген құндылықтар ескерткіш болып еңсе тіктегенде кеуде көтеріледі, көңілді қуаныш кернейді, деп жазады Egemen.kz.

Ескерткіш — әр халықтың «біздерде мынадай бар, мынадай бар» деп ұлттық ерекшелікті әйгілеудің төте жолы. Қазақ даласында тарихпен тұтасып, сырлы сан қилы оқиғаның болып өткен өнегесін жар салып тұрған кесене, қорымдардан бөлек талай тау тұлғалалардың бейнесі бағалы металдардан сомдап құйылған. Бүгін біз қарапайым болса да қармап тұрған тақырыбы терең 5 ескерткіштің тізбесін ұсынғалы отырмыз.

  1. Оралдағы «кітап» ескерткіші

Ескерткіш Оралдағы Қадыр Мырза Әли атындағы амфитеатр жанында орналасқан. Композицияның биіктігі 5, ені 3 метр. Онда тек Орал қаласында туып өскен ғана емес, бүкіл әлемге еңбегі сіңген ақын-жазушылар аты жазылған: әл-Фараби, Махамбет Өтемісұлы, Ғұмар Қараш, М.А.Шолохов, Абай Құнанбайұлы, А.С.Пушкин, Хамза Есенжанов, Жұбан Молдағалиев, Қадыр Мырза Әли.

ыы

2. Астанадағы «Менің атым — Қожа» повестінің кейіпкеріне арналған ескерткіш

Бұл ескерткіш 2022 жылы 1 мамыр күні елордадағы «Жетісу» саябағында ашылды.

1963 жылы «Менің атым Қожа» шығармасы желісімен «Қазақфильм» студиясы түсірген балалар фильміндегі Қожа кейіпкеріне орнатылған ескерткіштің жалпы биіктігі 183 см, қола, гранит материалдарынан жасалған.

Идея авторы — Мұрат Қожамқұлов.

Мүсінші — Талапхан Азамат.

Айта кетсек, «Менің атым Қожа» — 1957 жылы жазылған, қазақ балалар әдебиетінің озық туындыларының бірі саналатын повесть. Авторы – балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаев. Ол орыс, украин, француз, литва, латыш, өзбек тілдеріне аударылған. 1963 жылы «Қазақфильм» студиясының осы шығармасы бойынша жазылған киносценарий экранға шықты.

рр

3. Қостанай облысы Амангелді ауданының орталығында орналасқан «Бесік» ескерткіші

Ескерткіштің биіктігі астындағы тұғырымен есептегенде 3 метрден асады. Ұзындығы да сол шамалас. Тұғыртасына заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің «Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген сөзі жазылған.

Бұл ескерткіштің авторы – кәсіби суретші Боз Кен­жеахметов. Ы. Алтынсарин атын­дағы Арқалық педагоги­ка­лық институтының көркем­сурет факультетін бітірген қыл­қалам шеберіне бұл ой оған алғашқы немересі туғанда келген екен.

пп

4. Алматыдағы «Алма» ескерткіші

Қаланың символына айналған жеміске арналған ескерткіш Көктебеде орналасқан. «Алма» ескерткіші бүгінде келушілердің көз сүйсінтіп, естелік суретке түсетін көрікті алаңына айналған.

пп

5. Атыраудағы су тасқыны кезінде бөгет тұрғызуға көмектескен «Пшөн» атты төбетке арналған ескерткіш.

Пшөнге арналған мүсінді жергілікті дәнекерлеуші ​​Азамат Кенжеғалиев жасаған. Ол жағалаудағы Ailaq кофеханасының алдына орнатылды. Өлтірілген Пшөннің ескерткіші металдан жасалған және алтын түске боялған. ​​Азамат Кенжеғалиев мұны ескерткіш емес, арт-мүсін деп атауды құп көреді.

Social Link

Follow Me On Social Media