What are you looking for?

Хостелдегі өрт: Айыпталушы үйқамаққа ауыстырылды

13.03.2025

13 адам қаза тапқан жатақханадағы өртке қатысты айыпталушы ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедьяровқа қатысты бұлтартпау шарасы жеңілдетілген шараға өзгертілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр. ALA Hostel директоры Әділбек Мұхамедияров пен «Гидсервис» компаниясының иесі Александр Пекельникке ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы 3-бөлігі (Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелу) бойынша айып тағылған.

Судья Ернар Қасымбеков Әділбек Мұхамедьяровқа қатысты бұлтартпау шарасын неғұрлым жеңіл – үйқамаққа өзгерту туралы шешім шығарған. Сондай-ақ оның мәлімдеуінше, процесс алты айдан бері жалғасып келеді. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 342-бабына сәйкес, егер орташа ауыр қылмысқа қатысты айыпталушы алты айдан астам уақыт қамауда отырса, сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа немесе басқа жеңіл шараға өзгертуге міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 30 қарашада Алматы қаласы, Шарипов көшесі, 86 мекенжайында орналасқан «Almaty Hostel» ғимаратында өрт болып, 13 адам қаза тапқан. Олардың екеуі – Өзбекстан, екеуі – Ресей, қалғаны – Қазақстан азаматтары болған.

Social Link

Follow Me On Social Media