What are you looking for?

Қазақстан кірісі жоғары елге айналуы мүмкін

13.03.2025

Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) талдаушылары үш-төрт жылдан кейін Қазақстан Дүниежүзілік банктің жіктемесі бойынша экономикалық кіріс деңгейі жоғары елдердің қатарына кіруі мүмкін деп болжайды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЕАДБ бас экономисі Евгений Винокуров Қазақстан елеулі экономикалық табыстарға жеткенін атап өтті. 30 жыл ішінде жан басына шаққандағы нақты жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) үш еседен астам өсіп, республика дамыған және дамушы экономикалардан озды.

«Экономиканың өсуі әлеуметтік жағдайдың жақсаруын қамтамасыз етті. 1995 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 75 жасқа дейін (11 жылға) өсті, жұмыссыздық деңгейі шамамен алты пайыздық тармаққа (4,8% -ға дейін) төмендеді, кедейліктің ең өткір түрлері жойылды», деп атап өтті Е.Винокуров.

Күніне 2,15 доллардан кем тұратын отандастарымыздың үлесі нөлдік деңгейге дейін қысқарды.

ЕАДБ-ның инфографикасына қарағанда, Қазақстанда жан басына шаққандағы көрсеткіш 2014 жылға дейін тұрақты өсті, осыдан кейін көрсеткіштің дағдарыстық төмендеуі орын алды. 2020 жылдан бастап жалпы ұлттық кіріс (ЖҰК) қайтадан көтеріле бастады және 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел 2014 жылы белгіленген ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді.

Болжам бойынша, 2025 жылы Қазақстанда ЖҰК 12 мың доллардан асады, ал 2029-шы жылға қарай 16 мың долларға жетеді. Инвестициялық жобаларды іске асыру, өңдеуші өнеркәсіп секторындағы өсу, машина жасауды дамыту және нарықтық экономиканы дамыту жөніндегі реформалар Қазақстанға табысы жоғары елдер тобына өтуге көмектесуі мүмкін.

«Елдің экономикалық дамудағы жетістіктерін халықаралық деңгейде мойындау Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттырады. WEF бәсекеге қабілеттілік рейтингісінің үздік 30 елінің көбі – бұл кіріс деңгейі жоғары экономика», деп атап өтті экономист.

Сарапшының айтуынша, нәтижесінде Қазақстанға халықаралық қаржы мекемелерінен несие тарту жеңілдейді деп күтеді. Сондай-ақ, еліміз жаңа басымдықтарды белгілей алады – қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін арттырып, адами капиталға салымдарды көбейте алады. Әңгіме әрбір азаматтың емес, жалпы елдің табысы туралы болып отыр. Болжамдарды мына сілтемеден оқыңыз.

Social Link

Follow Me On Social Media