What are you looking for?

Елімізде снек өнімдеріне тыйым салынбақ

13.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақтөбе облысында оқушылардың жаппай улануынан кейін импорттық снек өнімдері сатылымнан алынып тасталды. Енді оларды қазақстанға кіргізуге тыйым салынбақ. Елде өнім сапасын бақылау бірнеше министрлік арасында бөлінген. Сауда министрлігі тек сауда алаңдарын дамытуға және бағаларды бақылауға жауапты. Ал, азық-түлік қауіпсіздігіне Ауыл шаруашылығы министрлігі, өнімнің таңбалануына Қаржы министрлігі жауапты. Бақылаудың жүйесіздігін пайдаланып, кей кәсіпкерлер сапасыз тауар әкеліп жүр деді, сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.

Қайрат Төребаев ҚР сауда және интеграция вице-министрі:

Ауыл шаруашылығы министрлігінің арнайы қызметі бар. Олар қазақстанға кіргізілетін барлық тауарлардың тексерулері керек. Нарық үлкен, өкінішке орай, бізде жосықсыз бизнесмендер бар. Сондықтан мен әрқашан қаптаманы толығымен оқып шығамын, шығарылған мерзіміне қараймын. Өйткені кейде сатушылардың өздері өнімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін білмейді. Ақтөбедегі жағдай бойынша өнім Қытайдан келді депдәлелсіз айту дұрыс емес. Әлі де сараптамалар жүргізіледі.

Оңғар Алпысбайұлы

Social Link

Follow Me On Social Media