What are you looking for?

Оралда үлкен канал қарғын суға толды

14.03.2025

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Орал қаласының Зачаган кентінде еріген қар суы жиналатын үлкен канал ернеуіне дейін лық толды. Құбырлар суды өткізе алмай, құтқарушылар арнайы техниканың көмегімен тасқын суды жолдың екінші бетіне айдады. Бұл каналға 70 мың тұрғыны бар ауылдық округтің көше мен арықтағы суы жиналады. Әрі қарай Анискин өзеніне құйылады. Былтыр да арна тасып, жақын маңдағы көп қабатты тұрғын үйлердің жертөлесі суға толған еді. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қарғын суды кедергісіз өткізіп, апаттың алдын алды.

Ардақ Мұратқызы