Алматы жастары «Таза бейсенбі » акциясына атсалысты, деп хабарлайды 24kz.
50-ге жуық студент Сәкен Сейфуллин атындағы саябақты тазартты. Бұл шара – «AMANAT» партиясының жобасы. Былтырдан бері жалғасып келеді. Акция қоршаған ортаны қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. «Таза бейсенбі» тазалықты насихаттаумен қатар қоғамды біріктіретін, ізгілікті дәріптейтін ауқымды жобаға айналды. Оған қатысушылар әр апта сайын елді мекендердегі көшелер мен саябақтарды тазалауды дәстүрге айналдырды.
Серікболсын Сарыбаев, «AMANAT» партиясы Түрксіб аудандық филиалының төрағасы:
- Алматы біздің ортақ үйіміз екендігін көрсету, Алматыны таза ұстау, саябақтарды таза ұстау жүрген жерімізді, тұрған жерімізді таза ұстау. Жалпы мұндай акциялардың мақсаты – әр азаматты, әр тұрғынды тазалыққа шақыру, үндеу және де қоршаған ортаны, табиғатты қаламызды, ауданымызды таза ұстауға шақыру. Жалпы тазалық мәдениетін, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.