What are you looking for?

«Дұғада болыңыздар»: Назым Қызайбай жанкүйерлеріне үндеу жасады

14.03.2025

Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 48 келі салмақта сынға түсіп жатқан қазақстандық Назым Қызайбай жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшы өз мүмкіндігін жоғары бағалап, жанкүйерлерді қолдау көрсетуге шақырды.

"Ертең жартылай финалдық бәсекелер өтеді... Ұлттық құрамадан 6 қыз шаршы алаңға шығамыз. Бізге сәттілік тілеп, дұғада болыңыздар", – деп жазды Қызайбай.

Айта кетейік, ол кеше Венесуэла боксшысы Седено Роджастан 5:0 есебімен басым түскен еді. Сонымен қатар, Алуа Балқыбекова (50 кг), Виктория Графеева (60 кг), Аида Әбікеева (63 кг), Наталья Богданова (70 кг) және Елдана Талипова (+81 кг) жартылай финалға жолдама алды.

Social Link

Follow Me On Social Media