What are you looking for?

Наурыз мерекесі туралы жаңа тұжырымдама әзірленді

14.03.2025

Бурабайда Мемлекет басшысының қатысуымен Ұлттық құрылтайдың IV отырысы өтіп жатыр. Мемлекет басшысы өз сөзінде ұлттық бірегейлікті сақтау мен дамытуда мәдениеттің рөлін ерекше атап өтті. Әсіресе, қазақ халқының төл мерекесі – Әз-Наурыздың маңыздылығына тоқталды, деп жазады Egemen.kz.

Президенттің айтуынша, Наурыз мерекесін тойлаудың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп, енді бұл мейрам 14 наурыз – Амал күнінен басталып, он күнге жалғасады және әр күнге ерекше атау берілмек. Халық бұл бастаманы оң қабылдаған.

«Жұртшылық бұл бастаманы жақсы қабылдады. Әсіресе, Наурызнамадағы «Ұлттық киім күні» қоғамның зор қолдауына ие болды. Ұлттық киімдерге деген қызығушылық арта түсті. Мектептерде, түрлі мекемелерде, сондай-ақ, ірі компанияларда ұлттық киімге мән беріле бастады. Сұранысқа сай тігін цехтары ашылып, жаңа брендтер, дүкендер пайда болды. Осылайша, ұлттық киім кию біртіндеп қалыпты көрініске айналып келеді. Бұл – өте жақсы үрдіс» деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев бет-жүзді тұмшалайтын қара киімнен гөрі өзіміздің ұлттық киімдеріміз әлдеқайда артық екенін айтып, оны жан-жақты дәріптеуді тапсырды.

Social Link

Follow Me On Social Media