What are you looking for?

Павлодар делегациясы Абай облысына көрісуге барды

14.03.2025

Амал меркесінде Павлодардың делегациясы Абай облысына барды .

Ауылы аралас, қойы қоралас ағайын бір-бірімен қуана көрісті. Арада мәдени, рухани, әлеуметтік байланыс бар. Ресми делегацияның құрамына әкімдік өкілдері, мәслихат депуттаттары, еңбек ардагерлері, облыстың белсенді азаматтары мен өнер ұжымдары кірді. Ертіс-Баян өңірінің сәлемдемесін жеткізген қонақтарды Семей халқы құшақ жая қарсы алды. Қыстан аман шығып, шуақты көктемді қарсы алған халқымыз амал келді, жыл келді деп төс қағыстырып көріскен. Қуантарлығы, сол игі дәстүр жалғасын тауып келеді.

Кенже Кеңесбаев, Павлодар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Келіп көрші елді көріп кетейік, амандасып кетейік, бар екендігімізді көрсетейік, бұл жақтың жағдайын білейік деп әдейілеп келдік. Жақсы қарсы алып жатыр, ризамыз жақсы кездесу. Бұл енді мынау жасы келген біздерге де керек, бірақ та кейінгі ұрпаққа керек. Осы дәстүр ұмытылмау керек. Бір-біріміздің амандығымызды біліп, қандай жағдайда жүрміз болашаққа бір-бірімізге тілек айтып, болашақты ойлау, міне сондықтан бүгін осындай жақсы шара өтіп жатыр.

Гүлдана ноғайбаева, Әміре Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі:

Бұл енді жалғыз Павлодар облысы мен Абай облысының мерекесі емес бүкіл ел болып, жер болып бүкіл қазақ болып тойлататын мереке. Расымен де бүгін өте қуанышты бір көрініс болып жатыр. Екі облыстың ақсақалдары, ақсақалды қариялары, ақ жаулықты аналары, ұрпақтары екі облыс бірімен бірі көрісіп, қандай бір кереметтей көрініске ие болып жатырмыз. Оған қоса мәдениет, өнердегі адамдар үшін үлкен мереке.

Social Link

Follow Me On Social Media