What are you looking for?

Оңтүстіктегі зиялы қауым Амал мерекесін қарсы алды

14.03.2025

Түркістан облысы мен Шымкент қаласының зиялы қауым өкілдері үш жүздің басын қосқан Ордабасы ауданында жиналып, Амал мерекесін қарсы алды.

Темірлан ауылындағы "Шәмші" аллеясында бас қосып, құшақтасып, көрісті.

Өңір тұрғындары бір-біріне есендік тілеп, аман-саулық сұрасқан соң мерекеге арнайы әзірленген концертті тамашалады. Ауылы аралас, қойы қоралас, ынтымағы жарасқан елдің татулығы мен ауызбіршілігін дәріптейтін бұл мереке ерекше салтанатпен атап өтілді. Қариялар ақжарма тілектерін арнап, ықылым заманнан бері мән-мағынасын жоймай келе жатқан ұлттық дәстүрлердің оңтүстік өңірде қайта жанданғанына ризашылық білдірді. Түркістаннан арнайы келген, ел ағалары қоржынға салынған сый-сыяпаттарын үлестірсе, ордабасылықтар қонақжайлық танытып, дастархан жайып, ұлттық тағамдарын ұсынды.

Айзада Әріпханқызы, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Қазір әлемде 300 млн астам адам осы Көрісу амалын тойлайды екен. Міне бүгінгі көрісудің өзі де айтып тұр, қыстан аман-есен шығып, күллі тіршілік тіріліп жатқан кез. Жер ана табиғат жылып жатқан кез. Бір-біріне деген адал ниетті білдіретін сондай дәстүріміз — көрісу.

Social Link

Follow Me On Social Media