What are you looking for?

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер UFC-дегі дебюттік жекпе-жегі алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды

15.03.2025

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері (ММА) Дияр Нұрғожай UFC турниріндегі дебюттік жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеуден өте алмады, деп хабарлайды MMA Fighting сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстан уақыты бойынша 16 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтетін UFC Fight Night турнирінде қазақстандық спортшы мен бразилиялық Брендсон Рибейро арасында жекпе-жек өткізу жоспарланған.

Жекпе-жек жартылай ауыр салмақта (93 келіге дейін) өтуі керек еді, бірақ Нұрғожай белгіленген межеден асып кетті. Ресми салмақ өлшеуде оның салмағы шамамен 95,5 келі болды.

Промоушен жекпе-жекті өткізетін болды, бірақ қазақстандыққа гонорардың 25% көлемінде айыппұл салынды. Бұл сома межеге сәйкес келетін оның қарсыласына қосымша төленетін болады.

Сонымен қатар Нұрғожай мен Рибейро жекпе-жек алдында көз арбасты.

Еске салсақ, бұл қазақстандықтың UFC-дегі дебюті, ол дебютке Дана Уайттың үміткерлер сериясы арқылы өткен болатын. Бұған дейін кәсіпқой ММА-да Нұрғожай он жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

Айта кетейік, алдағы турнирдің басты оқиғасы да жоспарға сай өтеді. Италиялық Марвин Веттори мен грузин Роман Долидзе салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Олар орта дивизионда реванш өткізеді, олар рейтингте сәйкесінше сегізінші және 12-орындарда.

Social Link

Follow Me On Social Media