What are you looking for?

Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қайтыс болды

15.03.2025

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев бірінші білім вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның қайтыс болғанын хабарлады. Наталья небәрі 59 жаста болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.K Z.

"Бүгін әріптесіміз, Қазақстан оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр.

Ол өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты.

Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.

Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі — орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын!", — деп жазған Оқу-ағарту министрі Facebook парақшасында.

"Параграф" сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Наталья Жұмаділдаева 1965 жылы 29 наурызда Қарағанды облысының Теміртау қаласында дүниеге келген.

Оқу-ағарту министрлігінің сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Жұмаділдаева еңбек жолын 1987 жылы бастауыш сынып мұғалімі болып бастаған.

2004 жылдан 2013 жылға дейін — Қызылорда қаласындағы №112 және Ж.Қизатов атындағы №23 ОМ директоры болды.

2013-2015 жылдары-Қызылорда қаласы Білім бөлімі бастығының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдан 2016 жылға дейін — Қызылорда қаласы Оқушылар мен жасөспірімдер үйінің директоры болды.

2016 жылдан 2021 жылға дейін — ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылым депутаты.

2021 жылдан бастап "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ басқарма Төрағасының кеңесшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылдың қыркүйегінде Наталья оқу-ағарту бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалған.

Social Link

Follow Me On Social Media