Былтырғы еліміздегі су тасқыны кезінде қиналған жұртқа қол ұшын созып, халықпен бір кісідей жұмылған Перизат Қайраттың «арты» таза болмай шықты. Тасқын кезінде халықтың киім-кешек, тамақ-суына деп ақша жинаймыз деп ашылған BizBirgemizQazaqstan2030 қайырымдылық қоры жабылып қалды. Ол халықтан жиналған миллиардтаған қаржыны жымқырды деген күдікке ілініп, қазіргі уақытта тергеуде отыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Перизат Қайрат не үшін ұсталды?
Қайырымдылық қорға 2021 жылдан бері жетекшілік етіп келген Перизат Қайрат халықтан жиналған 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен қамауға алынған болатын. Қаржы мониторингі агенттігінің хабарлауынша, ол су тасқынына, Палестинадағы соғыстан зардап шеккен халыққа, мүгедек балаларды оңалтуға жиналған қаражатты заңсыз иемденген.
Бұл қаражатқа қаражатқа айыпталушы сән-салтанатпен өмір сүріп, люкс санаттағы үйлер мен көліктер сатып алған. Сонымен бірге үнемі әлемдік қымбат брендтердің киім-кешегі мен бұйымдарын пайдаланған. Атап айтқанда, 88 млн теңгелік «Mercedes-Benz S450», 80 млн теңгелік «Lexus LX-600″ маркалы көліктерін мінген. Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada секілді әлемдік брендтердің киімі мен бұйымдарын пайдалавнып келген.
Бұл қорға су тасқыны кезінде бірнеше банк пен басқа демеушілер қомақты қаражат құйған. Қордың құрылтайшылары қатарында Матюшенко Сергей Владимирович, Мағзұм Арсланбек Талғатұлы, Тұрғанбай Шадияр Докторұлы, Аманбай Аружан Оразбайқызы, Болысов Тоқтар Коммунарович, Хисматуллин Дамир Сакенович, Серикжанова Айгерім Тельжанова, Сейітқамал Гүлназ Нұрланқызы, Хафиза Аян Бауыржанұлы сынды адамдар да болған.
Қайырымдылыққа жиналған қомақты қаржыны ұрлады деген айыппен қамалған «BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайраттың ісін тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлім етті.
Тергеу қашан аяқталады
«Қазіргі уақытта тергеу амалдарын аяқтап қалдық. Жуық арада тергеудің біткенін хабарлап, іс материалдарымен танысу кезеңіне өтеміз. Танысу қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмайтын», – деді Мәжіліс кулуарында журналистердің сұрағына берген жауабында.
Оның айтуынша, іс материалдары он томнан асқан. Сот қашан өтетіні тараптардың іс материалдарымен толық танысып шығуына байланысты болмақ. Тергеу шамамен наурыз айының басында аяқталуы мүмкін.
Жаңа эпизод анықталған
Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат қазіргі таңда алаяқтық және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру баптары бойынша айыпталып отырғанын атап өтті.
«Күдікті бұған дейін су тасқынына, Палестинаға көмек ретінде жиналған қаражатты жымқыру эпизодтары бойынша тергеліп келген. Жуырда мүгедек балаларды оңалтуға арналған орталық ашуға деп аукцион өткізіп, 22 миллион теңге жинап, оны да өз мақсатына жұмсағаны анықталды», – дейді ол.
Елемесов Перизат Қайраттан бөлек, оның анасы да күдікке ілінгенін, алайда ол қамалмағанын жеткізді.
«BizBirgemiz Qazaqstan» қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат 2024 жылғы су тасқыны кезінде зардап шеккен халыққа жиналған 1,5 млрд теңгеге жуық қаражатты ұрлады деген күдікке ілінген. Қаржылық мониторинг агенттігі күдікті жымқырған қаржыны зәулім үйлер мен пәтерлер, қымбат көліктер, асыл бұйымдар мен брендтік киімдер сатып алуға, шетелде қыдыруға жаратқанын айтады.
Bizbirgemizqazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкінен бөлек, киім-кешегінен айырылуы мүмкін. Өйткені олар тәркіленген. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚМА қоғамдық қайырымдылық қорының тең құрылтайшысы және басшысы Перизат Қайратқа қатысты тергеуді жалғастыруда», – делінген баспасөз қызметі хабарлады.
ҚМА Перизат Қайраттың үйіне тінту жүргізген. Нәтижесінде қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған қымбат дүние-мүлкін анықтаған. Олардың арасында қымбат техника мен Cartier, Graff, Rolex, Bulgari, Gucci, Louis Vuitton, Versace, Chopard, Hermes, Dolce & Gabbana, Prada және т. б. танымал әлемдік брендтердің киімі мен бұйымдары болған. Бұл қымбат заттардың барлығы тәркіленген.
Агенттік Перизат Қайраттың жымқырған ашасының сомасы өскенін хабарлайды. Алғашқыда 1,5 млрд теңгені жымқырғаны хабарланған. Ал ендігі сома 1,7 млрд теңгеге өскен. Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға жиналған көмекпен қатар, Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмекке деп жинаған қазақстандықтардың қаражатын жымқырды деген күдікке іліккен.
«Тәркіленген мүлік заттай дәлелдемелер ретінде танылып, іс материалдарына қосылды. Тәркіленген заттарға қатысты шешімді сот шығарады. Тергеу жалғасуда», – деп хабарлайды агенттік.
Енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорлардың да ашықтығына тексеріс жүргізуі мүмкін. Оның ішінде қайырымдылық қорлары да бар. Бұл жайында палата төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Смайыловтың айтуынша, бүгінде Жоғары аудиторлық палатаның (ЖАП) бюджеттен тыс қорларды тексеруге құзыреті жоқ. Алдағы уақытта палата ондай қорларға да аудит жүргізуді көздеп отыр.
«Өздеріңіз білетіндей, палата тек мемлекеттік бюджет қаражатын және мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарда бар активтерді пайдалану аудитін жүргізеді. Дегенмен қарастырылып жатқан Бюджет кодексі жобасы аясында біз ЖАП-қа мемлекетпен байланысты бюджеттен тыс қорларды тексеру құқығын беру туралы ұсыныс енгіздік. Мұндай қорлар мемлекет құрған, мемлекет қатысқан немесе оларға мемлекеттік функциялар жүктелген жағдайларда аудит жүргізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Бұл ұсыныс қабылданса, ЖАП-тың бюджеттен тыс қорлардағы қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын тексеру өкілеттігі пайда болады», – деді Әлихан Смайылов.
Палата төрағасы журналистердің «Қазақстан халқына» қоры тексеріле ме» деген сауалына да жауап берді.
«Қазақстан халқына» қоры бюджет қаражатынан құрылмаған. Осыған байланысты ЖАП-тың мұндай қорларды тексеруге құзыреті жоқ,– деді палата төрағасы.
Десе де, Смайылов палатада мұндай қайырымдылық қорларын тексеру құзыреті болмаса да, олардың ашықтығын қамтамасыз ету керек екенін айтады. Тіпті өзінің ұсынысын жеткізді.
«Менің ойымша, қаражаттың ашықтығы үшін мұндай қоғамдық ұйымдар тәуелсіз аудиторлық компанияларды таруы керек. Осылайша, демеушілер мен қайырымдылық көмек көрсетушілерге қаражаттың қалай және қайда жұмсалғаны туралы есеп беруі тиіс. Бұл мәселе, ең алдымен, осындай қайырымдылық қорлардың ұйымдастырушыларының жауапкершілігінде. Қоғамдық сенімді сақтау және қаражаттың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін бұл тәжірибе тұрақты түрде жүзеге асырылуы қажет», – деп толықтырды Смайылов.
Сенат спикері Мәулен Әшімбаев та қазақстандықтардың қайырымдылыққа аударған қаржысын жымқырды деген күдікпен ұсталған Biz birgemiz қорының басшысы Перизат Қайратқа қатысты өз пікірін білдірді. Журналистер Сенат төрағасынан кезінде Перизат Қайраттың бастамасымен оңалту орталығының құрылысына қолдау білдіргенін еске салып, онымен қаншалықты жақын таныс екенін сұрады.
«Мен Перизат Қайратпен жақын таныс емеспін. Әртүрлі қоғамдық іс-шараларға қатысып, көптеген адаммен кездесетінімді білесіздер. Әр аптада бірнеше ресми және қоғамдық шаралар өткізіледі. Бұрынғы жылдары осындай шаралардың бірінде кездескен болуымыз мүмкін, бірақ оның өзімен жақын араласатын деңгейде болған емеспін. Мәселенің мән-жайы тергеу нәтижесінде анықталады. Барлық күдікке ілінген тұлғаларға қатысты нақты шешімдерді тек тергеу органдары қабылдайды, ал кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады», – деп түсіндірді Әшімбаев.
Ал Перизат Қайрат басқарған BizBirgemizQazaqstan2030 қайырымдылық қоры жабылады.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Әділет департаментінің «Biz birgemiz Qazaqstan 2030» қоғамдық бірлестігін тарату туралы талабын қарады.
с материалдарына сәйкес, осы заңды тұлғаны бастапқы мемлекеттік тіркеу 2021 жылғы 11 қазанда өткізілді. Бірлестіктің құрылтайшылары 10 адам, олардың есімдері Қайрат Перизатты қоса алғанда, құрылтай жиналыстарының хаттамаларында көрсетілген.
Қылмыстық істі тергеу барысында қолжазба сараптамасы жүргізіліп, қорытындысына сәйкес, 10 құрылтайшының 9-ның атынан құрылтай құжаттарына Қайрат Перизат қол қойған. Заңды тұлға Азаматтық кодекстің 49-бабына сәйкес, заңды тұлға оны құру кезінде жіберілген, жойылмайтын сипаттағы заң бұзушылықтарға байланысты жарамсыз деп танылған жағдайда, сот шешімі бойынша таратылуы мүмкін.
- ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың салық заңнамасын қолданудың кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулысының 12-тармағына сәйкес — заңды тұлғаны құруға (қайта тіркеуге) қатысы жоқ заңды тұлғаны басшысын және (немесе) құрылтайшысын (қатысушысын) көрсете отырып тіркеу (қайта тіркеу) заңды тұлғаны тарату (жарамсыз деп тану) үшін негіз болады, делінген сот хабарламасында.