What are you looking for?

Шымкентте 25 жыл бұрын зейнеткер әйелді өлтірген қылмыскер қамауға алынды

15.03.2025

Шымкент қаласында 25 жыл бұрын жасалған қылмыс ашылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

1999 жылдың тамыз айында жер үйден зорлық-зомбылық белгілері бар зейнеткер әйелдің мәйіті табылған болатын. Сараптама қорытындысына сәйкес, оны тұншықтырып өлтірген. Осы қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Себебі қажетті дәлелдер болмады. Алайда тергеушілер күдіктінің ізіне түсті.

"Оның көршілес елде қылмас жасап, жазасын өтеп жатқаны анықталды. Реадмиссия арқылы ол Шымкент қаласына жеткізіліп, қамауға алынды. Қазірігі кезде адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", — дейді криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Бұдан бөлек, қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды. Ол 2009 жылы үш адамға оқ атқан. Сол кезде біреуі қаза тапқан. Жанжалға қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда, ал қылмыстық іс материалдарды сотқа жіберілді.

Social Link

Follow Me On Social Media