What are you looking for?

«Ішіп алған кезде шу шығарып тұрамын»: Атышулы трансгендер Амилай сұхбат берді

16.03.2025

Соңғы уақытта кешкі клубтардың бірінде әншілік қырымен танылып жүрген трансгендер Амилай Баймұратова әлеуметтік желіні жиі шулатып жүргені белгілі. Былтыр күзде «мені әскерге шақырып жатыр» деп жар салса, енді бірде төбелесіп, уақытша тергеу изоляторына қамалған кездері де болды. Біресе «күйеуге шықтым» деп хайп ұстаса, тағы бірде «екіқабатпын» деп тикток пен инстаграмды шулатқаны да ел есінде. Осындай іс-әрекеттерімен ел назарын өзіне жиі аудратын трансгендер Амилай Баймұратова сұхбат берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алайда тикток жұлдызы ақша бермесеңдер толық сұхбат бермеймін деп тулады. Десе де, ол табыс табу мен өзіне қатысты бірнеше сұраққа жауап берді.

— Амилай, сіздің әлеуметтік желіде қыздармен қосылып ән айтып жүргеніңізді көрдік. Әншілік жолды таңдадыңыз ба?

Толық аты жөнім Амилай Баймұратова. Нормальный сұрақтар қойыңызшы. Немен айналысып жатырсыз деген не сұрақ құрысын? Өзіммен өзім жүрмін. Ештеңемен айналыспаймын. Мен әнші емеспін. Ән айту әншейін хоббиім «просто».

— Былтыр әскерге шақырып жатыр деп елді шулаттыңыз. Әскерге баратын болдыңыз ба?

Әскер туралы сұрақты жабыңдаршы уже «надоел». Мен оны хайп үшін шығара салғанмын. Мені білмейді ғой еркектен әйелге ауысқанымды. Құжат бойынша еркектің төлқұжаты болған соң, маған 1414-тен хабарландыру келді. Мен оны «прикол» ретінде сала салдым. Өйткені мені транс қылып, емшегімді салбыратып ешкім алып кетпейтін шығар. Психологический ол уже ауытқу ғой. Қандай адам әскерге әкетеді психологический ауру адамды?!

— Сіз үнемі ер азаматтармен төбелесіп жүресіз, сізге жігіттермен байланысқан ұнай ма?

Менімен ер азаматтар төбелеспейді. Мен төбелесемін. Мен ішіп алып «короче» провокацияға берілемін. Олар боқтайды. Сосын мен жынданып, төбелесіп шығамын қысқасы. Ішіп алған кезде шу шығарып тұрамын.

— Тиктокта үнемі стримде отырасыз. Тикток пен инстаграм арқылы табыс жақсы түсе ме?

Менің қалтамды санап неғыласыңдар, а? Айтыңдаршы «пожалуйста», ааа. Менде не шаруаларың бар, а?

— Көкірекке қос анар (емшек) салғыздыңыз. Тағы қай жеріңізге ота жасататын жоспарыңыз бар?

Мен операцияға дайын емеспін. Менің жүрегім нашар. Менде жүрекпен проблема бар. Сол үшін, операция болмайды ешқандай.

— Жігітіңіз бар ма кездесіп жүрген?

Жоқ.

— Сонда, екіқабатпын деп әдейі хайп үшін айттыңыз ба?

Неменеге ауылдың сұрақтарын қоясыңдар, осы.

— Тергеу изоляторына жатып шыққанда сізге ешкім қылмыңдамады ма?

Ақша төлеңдер, сосын жауап беремін. Болды. Ештеңе айтпаймын. Жаным –ау, мені көп телеарна шақырады. Олардың ақшалары жоқ. Онсыз да мен туралы жаңалықтар бар ғой. Ақша төлемесеңдер мен шықпаймын. Сендерді түсінбеймін, түймедейді түйедей қылып шығарасыңдар ғой.

— Сонда сұхбатқа шығару үшін қанша ақша төлеу керекпіз?

Жазбаша сұхбатқа 50 мың теңге. Офлайн сұхбатқа 500 мың теңге сұраймын. Түкте қымбат емес. Ол ютубқа шығады. Мен «еще» боянамын. Киініп, макияж жасап дайындалуым бар. Оның өзіне мысалы 200-300 мың теңге кетеді. Мен «простой» болып киінбеймін ғой. Эфирге сай болып барамын. Сұхбат берсем өз ақшасын бұл сома ақтайды деп ойлаймын. Өйткені ютубқа салады, ол жерден мені көп адамдар қызыға көреді. Сөйтіп олар менің арқамда ақша табады. Жарайды, сіз 250 мың төлесеңіз шығып берейін.

Осы сұхбатыңыз жеткілікті. Көп-көп рахмет

Social Link

Follow Me On Social Media