What are you looking for?

Алматы оқушылары дұрыс тамақтанудың қыр-сырын үйренуде

17.03.2025

Қалада 2023 жылдан бері «Көкөніс айы» бағдарламасы жүзеге асырылады.

Алматы қаласының бес мектебінде "Көкөніс айы" атты білім беру бағдарламасы өтіп, оған 2700-ден астам оқушы қатысты. Бұл жоба қалалық білім басқармасы мен қалалық ғылыми-әдістемелік жаңа білім беру технологиялар орталығының қолдауымен жүзеге асырылды.

Бағдарламаны кәсіби әдіскерлер мен нутрициологтар әзірлеген. Оның аясында балалар танымдық сабақтарға қатысып, ата-аналарымен бірге пайдалы әзірлейді. Өздерінің қандай көкөністерді ұнататынын біліп, оны тұрақты жеуге дағдыланады.

Жоба авторларының айтуынша, бұған дейін бағдарламаға қатысқан 8 мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары арасында жүргізілген сауалнама қорытындысы балаларының ас мәзіріне көкөністі қосқан ата-аналар 14 пайызға көбейген. Ал көкөністі жақсы көретін балалар саны үш есе көбейсе, оқушылардың 73 пайызы көкөністі күнделікті тұтынатын болған.

"Балалар дәм сезіміне анағұрлым сезімтал келеді. Жаңа өнімге, мысалы, көкөніске бейімделу үшін балаға онымен шамамен 10-15 рет танысу қажет. Сондықтан біз бала кезден қалыптасқан дұрыс тамақтану әдеттері олардың болашақта белсенді әрі бақытты болуына көмектесетініне сенеміз. "Көкөніс айы" – бұл тек ақпараттық-танымдық жоба ғана емес, сонымен қатар отбасыларды өз рационын өзгертіп, оны теңдестірілген әрі пайдалы етуге ынталандыратын бастама", – дейді жоба бастамашысы – Bonduelle EurAsia Markets компаниясының маркетингтік коммуникациялар жөніндегі жетекшісі Ирина Барболина.

Айта кетейік, компания биыл жоғары сынып оқушыларына арналған дұрыс тамақтану бойынша элективті курстың әзірленуі мен пилоттық жобаның іске қосылуын қолдады.


Оқи отырыңыз: Мектеп оқушыларын қалай пайдалы тамақтандыруға болады? 7 жылдық зерттеу қорытындысы


Social Link

Follow Me On Social Media